Арулар мерекелік кештің қонағы болды
Хан сарайындай кең зал іші бүгін әйелдер үшін әсемделді. Ал облыс әкімінен шақырту алған арулар мен аналар бұл күнге арнайы дайындалған. Бәрі ерекше сұлу, жүздерінен жылылық есіп тұр. Бәрінің тілегі бір. Ел тыныштығы мен амандық. Олар болашақтың жарқын болатынына сенімді.Осы кешке қаладағы белсенді өнер ұжымдары да жіті дайындалған. "Кемал" театры "Анаға хат" театрландырылған көрінісін сахналады. Ал әнші Марат Әйтімов қыз-келіншектердің қошеметіне бөлініп, ән шырқады.
Кеш қонақтары - бір шаңырақтың ұйытқысы, жанашыры. Әжелер мен аналарды, қыз-келіншектерді көктем мерекесімен облыс әкімі құттықтады. Қай кезде де тынбай еңбек етіп, ел дамуына өз үлесін қоса білген әйелдер қаумына алғысын айтты.
Салтанатты кеш кезінде көпбалала аналарға "Алтын алқа", "Күміс алқа" берілді. Олар бала тәрбиелеп, ұлт болашағы жолында ұрпаққа тәлім беріп жүрген аналар. Бұл жолы өңір басшысы қаладағы көпбалалы аналарды ғана емес, аудан, ауылдағы нәзік жандыларды да құттықтады. Кеш ән мен биге ұласып, өнерпаздар шақырылған қонақтарға керемет көңіл-күй сыйлады.
Количество показов: 1783
Дата создания: 07.03.2017 18:44:54