Бүгін №5 қалалық емхана дәрігерлері науқастарды медициналық тексеруден өткізді. Келушілердің қан қысымын өлшеп, қандағы қант мөлшерін анықтады. Денсаулығын тексертуге келгендердің бірі - Ержан Мыңайдаров. 20 жылдан бері қант диабетімен ауырады. 81 жастағы қария алғашқы екі жылда дәрі қабылдаған. Кейін дерті ұлғая бастаған соң инсулинге көшеді. Соңғысын тәулігіне екі рет қабылдайды. Айтуынша, жағдайы жақсы.Ал, дәрігерлер керісінші, қант диабетіне шалдыққандардың арнайы диета сақтап, дәрілерді уақытылы ішуі маңызды дейді. Дертке ұшырауға көп жағдайда артық салмақ пен тұқым қуалаушылық себеп болады. Сусамырдың екі типі бар. Екіншісін адам ағзасынан анықтау қиынға соғады. Әсіресе, жастар арасында қант диабетімен ауыратындар көбейген.
Емдеу мекемесінде 3000-нан астам адам тіркелген. 300-і қант диабетімен диспансерлік есепте тұр. Дені - 40 жастан асқандар. Осы емханаға қаралатындар арасынан 1 жасөспірімнен қант диабеті анықталған.
Количество показов: 1226
Дата создания: 14.11.2017 17:37:32
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>