Қаланың қарын ашуға 240 техника шықты
Таңғы сағат 5-тен бастап қаланың басты және қоғамдық көлік жүретін көшелері, көпірлердің үсті мен аялдамалар қардан тазартылды. Ауылдық жерлердің көлік жүретін жолдары да тазартылып жатыр. Қалада түнде 10, күндіз 25 жұмыс тобы қар аршып жүр. Қыс басталғалы бері 5000 тонна қар шығарылған. Жұмыс бригадалары қаланың басты көшелерінен ауыспай жатқанда тұрғындар үйлерінің алдындағы үйілген қарды өздері аршуға кіріскен. Олар қалың қар уақытылы алынбаса, көктемде суға кетеміз деп алаңдаулы. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары шаһар маңындағы ауылдардың қатаң бақылауда екендігін мәлімдеді. Ақшат, Блогодар, Қурайлы мен Құрашасай ауылдарындағы көлік жолдарын арнайы бригада тазартатын болады. Ал, шаһарды қардан тазартуға биыл 137 млн. теңге бөлінген.
Количество показов: 2064
Дата создания: 13.12.2016 19:12:14