"Адал ұрпақ" еріктілер клубтарының слеті өтті
Мониторингтік топ өкілдері оқушылардың сауалдарына жауап берді. Слетке 200-ден астам бала қатысты. Қазір облыста 380-нен астам "Адал ұрпақ" клубы жұмыс істейді. Оған 35 мыңға жуық оқушы мүше. Аймақтағы клубтар ерікті түрде құрылған. Слет кезінде түрлі байқаудың жеңімпаздары да марапатталды. Ал, өңірімізге келген республикалық мониторингтік топ өкілдері бірнеше ауданды аралап, тексеру жұмыстарын жүргізеді. Кемшіліктерді анықтап, ұсыныстарын айтады.
Количество показов: 2422
Дата создания: 02.11.2018 11:42:02