Атасы мен әкесін, бауырларын еске алған бір топ ақтөбелік «Зеңбірек» ескерткішіне гүл қойды. 101-ші атқыштар бригадасы мен 312-ші атқыштар дивизиясының құрметіне орнатылған ескерткіш алдындағы еске алу, құрмет көрсету шарасы балалар және жасөспірімдер шығармашылық орталығының міндетіне жүктелген. Ерлікке тағзым, бейбіт күнге алғыс. Ұстаздары балаларды осыған тәрбиелейді. "Әлия", "Кестелі орамал". Ескерткіш маңында соғыс жылдары жауынгерлерге рух берген, жігерлендірген әндер мен батырлардың ерлігін дәріптейтін туындылар орындалды. Жеңіс күніне арналған әуендерді орталықтағы ән, би, өнер үйірмесіне қатысатын балалар бір сағат бойы шырқады. Жүрегі сағынышқа толы көрермен әкесін, бауырын, соғыс жылдары бейбіт заман үшін жанын берген батырларды еске алып, көз жасына ерік берді.
>Концерттік бағдарлама кезінде жасөспірімдер заманауи әуендерге билеп, жауынгерлік іс-әрекеттер көрсетіп, мұңайған жұрттың көңілін серпілтуге де тырысты. Бір сағатқа созылған еске алу, тағзым ету бағдарламасы ескерткішке гүл қоюмен аяқталды. Колледждер мен мектеп ұжымдары, ардагерлер мен қаланың қарапайым тұрғындары, оқушылар ерлікке бас иіп, құрмет көрсетті.
Количество показов: 1855
Дата создания: 09.05.2017 15:19:49
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>