Бірер аптадан соң көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстары аяқталып, шаруалар қызу іске кіріседі. Бірақ, ақтөбелік шаруалардың себерге дәні жоқ. Олар қыс бойы демалып, көктем келгенде жан ұшыра тұқым іздеуге кіріскен. Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарын шарлап, Ресейдің Орынбор облысынан да дән әкелудің жолдарын қарап жатыр. Бүгін бұл тақырып облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясында талқыға түсті. Биылғы егіс алқабы 553 мың гектар болады деп жоспарланған. Оның 330 мың гектардан астамы дәнді дақыл. Бидай мен арпаның үлес салмағы басым. Бірі көктемгі егіс науқанының қамын қыста ойласа, кейбір шаруалар енді ғана тұқым іздеу жұмыстарын бастаған. Мәселен, Қобда ауданының шаруалары Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы мен Ресейдің Орынбор облысына барып, себетін тұқым алып келуді жөн көріп отыр. Дәл осындай жағдай Алға, Темір аудандарына да тән. Шаруалар тұқымды іздеуді таяуда ғана бастады. Бізге тек дәнді дақылдардың емес, картоптың да тұқымы қажет. Облысқа 3 мыңнан астам картоп тұқымы жетпейді. Оның қайдан, қашан әкелінетіні де белгісіз.
Шындық осы. Біз сандық көрсеткіштер бойынша картоппен өз-өзімізді қамтимыз. Шын мәнінде біздің еккеніміз жетпейді. Айта кетейік, облыс тұрғындарына жыл сайын 175 мың тоннадан астам картоп қажет екен.
Количество показов: 1531
Дата создания: 07.04.2016 18:40:30
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>