Ақтөбеде суицид жағдайлары жиіледі
Ауруханаға жол апатынан зардап шеккендер мен күйік шалғандар да көп түседі. Маржанбұлақ ауылында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылып, отбасы мүшелерін өрт шалғанын бұған дейін де хабарлағанбыз. Денесінің біраз бөлігі күйіп қалған жүкті келіншек дені сау баланы дүниеге әкелді. Алайда өзі әлі хәл үстінде жатыр. Санавиация шақырғанымен астаналық дәрігерлер науқасты тасымалдауға мүлде болмайтынын айтқан. Ем-дом жасау жолдарын көрсеткен ақ халаттылар қазір әліптің артын бағып отыр. Ал Мәртөк ауданына апаратын Батыс Еуропа -Батыс Қытай тас жолы бойында жол-көлік оқиғасынан жарақат алған 7 адамның біреуі көз жұмды.Облыстық жедел жәрдем ауруханасы тісті де емдейді. Мұнда кешкі сағат 6-дан-8-ге дейін тіс дәрігері жұмыс істейді. Бас дәрігердің айтуынша, тіс дәрігеріне кезек көп. Стоматолгтар күніне 40-тан астам адамды қабылдайды. Айта кетейік, облыстық жедел жәрдем ауруханасы бір жылда 13 мыңнан астам науқасты емдесе, қазір мұнда 300-ден астам облыс тұрғыны ем қабылдап жатыр.
Количество показов: 1427
Дата создания: 28.12.2015 17:50:27