Ақтөбеде Форте банктің жаңа кеңсесі ашылды
Кездесу барысында облыс және "Форте-Банк" акционерлік қоғамының басшылары әріптестік меморандумына қол қойды. Банк өңіріміздегі экономикалық жобалардың инвесторы болуға дайын. Форте банктің мобильді қосымшасы бар. Оны кез-келген карта пайдаланушылары тұтына алады. Мұнда 350 ден астам қаржылық қызмет қарастырылған. 100 мыңнан астам ел тұрғыны жоғары баға берді. Өйткені, мобильді қосымша арқылы айы сайын 2млн.ға жуық транзакциялар жасалады.
"Форте-Банк" еліміздегі алдыңғы қатарлы банктердің алғашқы ондығына кіреді. Ең ірі әрі тұрақты қаржы институты. Жаңа кеңсенің ашылуына орай банк мамандары клиенттерге көптеген жеңілдіктер әзірлеген. Кепілсіз несие, карта есеп-шотын ашу, абоненттік төлемсіз қызмет түрлері бар.
Количество показов: 1317
Дата создания: 21.06.2018 17:46:09