Ақтөбеде 1228 адам жұмыссыз
Ай сайын шаһарымызда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткенімен жұмыссыздар саны 1000-нан төмендемей тұр. Қалалық жұмыспен қамту орталығы 600 бос жұмыс орнын ұсынады. Ұстаздар, дәрігерлер қажет. Құрылыс маусымында құрылысшылар мен қара жұмыс иелеріне сұраныс бәрінен де жоғары болып тұр. Бірнеше жыл білім алып, жоғары оқу орнын бітіргенімен екі қолға бір күрек таппай жүрген жандар көп қала тұрғындары арасында. Жұмыссыздар қатарын толтырып жүргендердің басым бөлігі тәжірибесі мол болса да зейнет жасына жақындағандар. Жасы келіп қалды деп жұмыс берушілер қызметке қабылдаудан жиі бас тартады. Ал, жастардың тәжірибесі аз. Дегенмен, қалалық жұмыспен қамту орталығы ай сайын бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді. Тамыздың 18-інде барлық саланы қамтитын жәрмеңке өтеді.
Количество показов: 1390
Дата создания: 20.07.2017 19:04:22