Ақтөбе жылу беруге дайын
Өңірде биыл 488 шақырым жылу желісі жөнделуі тиіс еді. Соның 484 шақырымында жұмыстар аяқталған. Облыс жылыту маусымына 99 пайызға әзір. Әлеуметтік нысандарды жылумен қамту үшін қажетті 40 мың тонна көмірдің 98 пайызы жеткізілген. 3200 тонна сұйық отынның да 3 мың тоннасы дайын. Қарағанды, Павлодар, Алматы облыстарындағыдай емес, бізде көмірге деген сұраныс тым аз. Өйткені өңір 88 пайызға көгілдір отынмен қамтылған. Бір үйді қыс бойы жылыту үшін 3 тоннадан бастап 7-8 тоннаға дейін қатты отын қажет. Шұбаркөл, Майкөбен, Екібастұз, Қаражыра көмір кеніштерінен жеткізілетін көмірдің әр тоннасы Ақтөбеде 15-16 мың теңгеден сатылады.
Количество показов: 1031
Дата создания: 04.10.2018 19:13:08