Ақтөбе мен Қызылорда облыстары 3,3 миллиард теңгенің тауарын алмасады
Көршілес жатқан облыстар бірінде жоқ тауармен екіншісін қамтып отыруы керек. Бұл бірінші кезекте отандық тауар өндірушілерге көмек. Бүгін облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қызылордалықтарды өңіраралық кооперацияны бірігіп дамытуға шақырды. Жыл басынан бері біздің облысқа оңтүстіктен 36 миллион теңгенің көкөнісі мен азық-түлік өнімдері жеткізіліп, сатылған. Ақтөбеліктер Қызылорданың арзан балығы мен күрішіне, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облысының пияз, сәбіздеріне, Қостанайдың картобына қарық болды.Мұндай тауар алмасу әлі де жалғасады. Бүгін Ақтөбе мен Қызылорданың шаруалары мен кәсіпкерлері арасында 3,3 миллиард теңгенің 36 келісіміне қол қойылды. Ақтөбеліктер Сыр өңіріне қиыршық тас, қызыл кірпіш, құбырлар, арматура, өзге де құрылыс бұйымдарын, бағдаршам, өрт сөндіру техникасын жеткізуге келісті. Қызылордалықтар жыл соңына дейін біздің облысқа делдалсыз, арзан бағамен 11 мың тонна азық-түлік әкелуді көздеп отыр. Ал, Қызылордадағы "Жирен" шаруа қожалығының басшысы Әділжан Ізтілеуов Мұғалжар ауданынан жылқы, бидай және арпа алатын болды.
Біздің аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев сондай-ақ, Ырғыз бен Шалқар шаруаларына Арал, Қазалы балықшыларымен балық өңдеу бойынша тәжірибе алмасып, жұмыс істеу керектігін айтты. Қызылордалықтар бізден асыл тұқымды ірі қара мал өсіруді және оның етін өңдеуді үйренеді.
Екі облыс арасында білім мен ғылым, мәдениет пен өнер салаларында да байланыс нығаятын болды. Қызылордада біздің балалар техникалық шығармашылығы орталығының филиалы ашылады. Туризм саласы да дамиды. Ақтөбе-Байқоңыр-Қызылорда туристік маршрутын жасақтау жоспарда бар.
Количество показов: 1796
Дата создания: 03.05.2016 18:50:18
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>