Ақтөбе Израиль, Түркия клиникаларымен байланыс орнатады
Ақтөбеде бүгін "Кластерлік медицина, мемлекеттік-жеке серіктестік, халықаралық байланыстың дамуы" атты форум өтті. Халықаралық шараға Израиль, Түркия, Ресей, Оңтүстік Кореядан келген мамандар қатысты. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шетелдік қонақтармен 4 жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Форум барысында жедел жәрдем көмегін тиімді ұйымдастыру мәселесі талқыланды. Шұғыл көмек көрсету үшін технологиямен қатар дәрігерлер де бір орында тұрмауы қажет. Қалалық жедел және шұғыл медициналық көмек бекеті жанынан "Шұғыл қызмет" бөлімі ашылмақ. Мұнда науқасты оңалтуға көп көңіл бөлінеді. 103 қызметіне жылдың соңына дейін 16 су жаңа реанимобиль жеткізілуі тиіс. Ақтөбе Батыс Қазақстан облысындағы медицинасы дамыған қалаға айналады. Жылда ақтөбелік емханалардан 8 мыңнан аса өзге облыстың тұрғындары ем алуға келеді. Соңғы 10 жыл ішінде медицина саласында 110 нысан тұрғызылып, 250 млрд. теңге қаржы құйылған. Өңірімізде бүйрек ауыстыру бойынша 15 ота жасалса, 3 бауыр трансплантологиясы орындалды.
Количество показов: 1675
Дата создания: 16.09.2016 18:25:12
аноним19.09.2016 00:03:07
Қаншама қаражат құйылса да дәрігерлеріміздің деңгейі өте нашар. Сервис мүлдем жоқ.Қабылдау бөлімі тіпті төмен. Жөнді диагноз қоя алмайтын дар кілең. Жақсы, кәсіби білікті дәрігерге көріну оңай емес.