Ақтөбе қаласына жаңа әкім тағайындалды
40 жастағы И. Испанов ҚазМБА жанындағы нарық институты, Лондон экономика және саяси ғылымдар институты, РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының түлегі. Экономист және Мемлекеттік және муниципалды басқару магистрі мамандықтарын алған.
Еңбек жолын Испанов 1993 жылы "Ақ-Бастау" АБ Сарыағаш филиалының бас есепшісі болып бастап, кейінгі жылдары ҚР Қаржы министрлігінің борышкерлермен жұмыс жөніндегі комитетінің төрағасы, ҚР Жоғарғы сот жанындағы сот әкімшілігі жөніндегі комитеті төрағасы, ҚР Бас прокуратурасы Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаментінің басшысы болып қызмет атқарды.
Ақтөбе қаласы әкімі қызметіне тағайындалғанға дейін ҚР Жоғарғы соты соттар қызметтерін қамтамасыз ету жөніндегі департаментіне жетекшілік етті.
- Біз кадрлар ротациясын өткіздік. Алты аудан әкімін ауыстырдық. Үміткерлерді іріктегенде кадр тапшылығына кезіктік. А корпусында резервте ешкім жоқ. Осы себепке байланысты біз кімдердің орындарын ауыстырдық. Оларға кезекті рет сенім артып отырмыз. Олар біздің сенімді ақтайды деп үміттенеміз, - деді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.
Бекбол Сағын өзге жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босатылды.
«Ақтөбе ақпарат» орталығы
Количество показов: 1525
Дата создания: 04.07.2016 13:34:41