236 ақтөбелік баспаналы болды
Пайдалануға берілген бұл 5 қатарлы үйлер «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған. Несиелік тұрғын үй бағыты бойынша бой көтерген. Өңір басшысы пәтерлерді аралап, құрылыс жұмыстарында қолданылған материалдарға және орнатылған құрылғыларға жоғары баға берді. "ТұрғынҮйҚұрылысЖинақбанкі" АҚ-ның салымшылары 14-қараша мен 6-желтоқсан аралығында "Нұрлы жол" бағдарламасына қатысып, дәл осы үйлерден пәтерлі болу үшін құжаттарын тапсырған. Ал 7-желтоқсанда алғашқы үміткерлер іріктелді. Салымшылар белгілі бір мөлшерде қаражат жинаған. Қалғанын банк несиеге берді. Бір аулада орналасқан қос үйдің жалпы аумағы 15 мың шаршы метр. Ал пәтердің 1 шаршы метрінің құны 153 636 теңге.
Количество показов: 1415
Дата создания: 12.12.2016 19:09:22