15 қазан - халықаралық "Ақ таяқ" күні. Осыған орай бүгін облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында "Ақ таяқ-зағиптардың нышаны" атты кеш өтті. Шараға зағип оқырмандар мен колледж студенттері қатысты. Бұл күн айналамызда мүмкіндігі шектеулі жандар тұратынын еске салу мақсатында әлемнің көптеген елдерінде атап өтіледі. Оның тарихы 1921 жылдан басталған. Джеймс Бигс есімді Ұлыбритания азаматы зағип жан ретінде жүріп бара жатқан адамдардан ерекшелену үшін таяғын ақ түске бояуды ұйғарған. Кейін басқаларға да осындай кеңес береді. Айта кетейік, елімізде 86 мыңнан астам зағип жан бар. Шара қатысушылары көзі көрмейтін адамдар үшін өмірді жеңілдетуге ақ таяқпен қоса адамдардың мейрімі көбірек көмектесетінін айтады.
Кеш барысында кітапхананың зағип оқырмандары ақ таяқтың түрлері турасында да сөз қозғады. Сондай-ақ, гуманитарлық колледж студенттері әсем ән шырқап, кештің көркін кіргізді.
Количество показов: 333
Дата создания: 14.10.2021 17:47:02
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 году и является одной из старейших прогр... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы байырғы хабарлардың бірі. Эфирге 1997 жылд... Подробнее >>