Құтқарушылар 53 адамды қар құрсауынан шығарды
Өткен демалыс күндері 112 ге қоңырау шалып, көмек сұрағандар көп. Бір күннің ішінде барлығы 86 іздестіру жұмыстары жүргізілген. Байғанин ауданы, Ақшұқыр елді мекенінен Қарауылкелдіге қарай шыққан түгелдей бір отбасы қар құрсауында қалған. Аудан әкімшілігі газель автокөлігін жіберіп, 6 адамды құтқарды. Мәртөк ауданы, Родниковка ауылында да осындай жағдай. 15 адамды жергілікті әкімшілік көлік жіберіп, қар құрсауынан шығарған. Мамандардың ескертуіне құлақ аспай жолға шығып кеткен жолаушылар арнайы техникалардың көмегімен құтқарылған. Жолда қалған 53 адамның екеуі бала.
Количество показов: 1479
Дата создания: 20.02.2017 19:14:25