Құлдықтан қашып шыққан азамат
Нәпақа іздеп, құл болды. Жұмыс беруші 58 жастағы қала тұрғынына көлік жөндеуші қызметіне орналастырам деп уәде етіп, қой бақтырып қойған. Екі ай бойы мал соңында жүріп, арып-ашқан азамат құлдықтан әрең қашып құтылған. Оған қоса қожайыны жалақысын төлемеген. Екі ай бойы құлдықтан қажыған Александр Мельников екі қолға бір күрек іздегендерге құлаққағыс етеді. Өз басынан өткен жағдайдан өзгелерді қорғағысы келеді. Айтуынша, сәуір айында көшеде келе жатқан жерінен жанына көлік тоқтап, жұмыс ұсынады. Он бес мың теңге жалақы төлейтінін айтады. Жүргізуші-электромеханик мамандығы бола тұра, уақытша жұмыссыз жүрген Александр жұмыс тапқанына қуанып, келісе кетеді. Алданғанын кейін шалғайдағы мал ауылға жеткенде бір-ақ түсінген. Сөзіне сенсек, Байғанин ауданының Миялы ауылының түпкіріндегі мал ауылда қой баққан. Ұйып отырған отбасының берекесі әйелі қайтыс болғаннан кейін қашқан. Үлкен ұлы - отбасылы, кенжесі- колледжде білім алып жатыр. Баспанасында балалары тұрады, ал өзі жолдасының гаражында күн көруге мәжбүр. Александрдың айтуынша, оны құл ғып жұмсаған адамның есімі-Кашман. Көлік жүргізуші куәлігі сол жұмыс берушіде қалған. Ал жеке куәлігін айықтырғышқа түскеннен кейін қайтарып ала алмай жүр. Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Ардагер Уайдиннің айтуынша, мұндай жағдайға душар болған адам әуелі ішкі істер органдарына арыз жазуы тиіс. Тергеу амалдары барысында, белгісіз тұлғалардың адамды құлдыққа жеккендігі расталса ғана , қылмыстық іс қозғалады. |
Количество показов: 2465
Дата создания: 18.06.2013 19:55:32