"Қару" акциясы басталады
Полицейлердің айтуынша, дәстүрлі акция нәтижесіз емес. Өйткені, өңірімізде жарылғыш заттар мен қаруды қолдану дерегі азайып, қылмыс қысқарды. Соңғы 3 жылдың ішінде, облыс бойынша 2000-нан астам қару тәркіленген. Оның жартысына жуығы тіркеуде болмаған. Азаматтардың өз еркімен өткізген әрбір қаруы мен оқ-дәрілерге, жарылғыш заттарға 100 айлық есептік көрсеткішке дейін сыйақы белгіленіп отыр. Яғни, 13 000 теңге мен 200 мың теңгенің аралығында төленеді. Қару-жарақты ішкі істер бөлімдерінде қабылдайды.
Количество показов: 1737
Дата создания: 06.04.2016 18:55:17