-
Мен 2009 жылы РИКА телеарнасына «Тәулiк» ақпаратты бағдарламасының жүргiзушiсi қызметiне орналастым. Маған осы мамандықты игеруде аталмыш ақпараттық бағдарламаның ең алғашқы жүргiзушiсi – Күлпаршын Аққатованың көмегi зор болды. Мен өз iсiнде майталман, жиырма жылдан астам тәжiрибесi бар Күлпаршын апамыздың шәкiртi болғаныма қуанамын. «Тәулiктегi» тiлшi әрiптестерiм де өте еңбекқор. Ал эфир жайлы айтар болсам, бұл-үлкен жауапкершiлiк, әрi қызықты жұмыс. Эфир уақытында мен барлығын ұмытып, телекөрерменмен тiкелей тiлдескендей боламын.Өмiрлiк ұстанымым – «мүмкiн еместi болдыру».