Байқаудың негізгі мақсаттарының бірі қазақ отбасындағы ене мен келін арасындағы сыйластықты, ұрпақ сабақтастығын, қазақтың ұлттық тағамдарын насихаттау. Байқау 5 кезеңге жалғасты.
1 кезеңі «Сәлем-сөздің анасы» ұлттық киім киген ак жаулықты әжелеріміз өз келіндерін таныстырса, ақ орамал таққан келіндеріміз өз енелерін таныстырды.
2 кезең «Шебердің қолы алтын» әжелер ою оюдан, келіндер кесте тігуден жарысты.
3 кезең «Қазақы дастарханым» әжелеріміз бен келіндеріміз ұлттық тағамдарымыздан дәм ұсынды.
4 кезең «Қазағымның дәстүрлері –ай» Қазылар алқасы салт- дәстүрге байланысты сұрақтар қойып, әжелеріміз бен келіндеріміздің білімін шыңдады.
5 кезең «Өнегелі ене, өнерлі келін». Бұл сайыста әжелеріміз бен келіндеріміз үй шаруасымен қатар өнерді де қатар алып жүретіндігін дәлелдеді. Ұлттық аспаптарымызда ойнап, ән мен биден шашу шашты.
Жарыстың қорытындысы бойынша «Алтын ене – құтты келін» атанған Қаратоғай ауылының үлгілі әжесі мен келіні.