Жұмыспен қамту орталығы мамандары халық арасында мемлекеттік бағдарламаларды түсіндірді
Базарға келген жұрт бүгін "Жұмыспен қамту-2020 жол картасы", "Өрлеу" бағдарламаларының бағыттары жөнінде білді. Хромтау ауданының тұрғыны Қосжан Төребеков жұмыссыз адамдарға мұндай мүмкіндіктер берілетінін бұған дейін естімеген. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нәйлә Бөртебаеваның айтуынша, көпшілік мемлекет ұсынып отырған бағдарламалардан хабарсыз. Несие алып, өз ісін бастауға болатынын, оның шарттарын көбі біле бермейді. Жұмыспен қамту бөлімі ақтөбеліктерге төрт түрлі мүмкіндік ұсынып отыр. Тұрақты жұмысқа орналасу, әлеуметтік жұмыс, жастар практикасы және "Өрлеу" шағын несие алу бағдарламасы. Бұл бағыттар бойынша биыл қалада 6 мың адам жұмыспен қамтылуы керек.
Шағын несие алып, кәсіп ашқысы келетін 30 адам қазір өтініштерін беріп қойған. Көбісі құжат жинауды қиынсынады, дейді Нәйлә Бөртебаева. Мұндай акцияны жұмыспен қамту органдары алдағы уақытта халыққа қызмет көрсету орталығында, "Алтай" және орталық базарларда, "Мега Ақтөбе" сауда, ойын- сауық орталығында өткізеді.
Количество показов: 2082
Дата создания: 03.06.2016 18:16:17
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>