Өлімнен бизнес жасамаңдар! Қурайлы ауылының тұрғындары жергілікті зираттың жекенің қолына өтуіне қарсы. Халықтың айтуынша, ауылдағы қорым онсыз да қоршалған, әрі таза. Біреудің қызметінің қажеті жоқ. Наразы топпен бүгін қала әкімінің орынбасары Нағымжан Алдияров кездесті. Ол тұрғындарға сенімді басқаруға берілген соң, зираттарда тәртіп болатынын түсіндіруге тырысты. Нағымжан Алдияров жерлеу қызметі - 100 мың теңге дегенді жоққа шығарды. Айтуынша, тұрғындар тек қорымның күзеті мен тазалығына бір рет 10 мың теңге төлейді. Жерлеу орны тегін беріледі. Қабірді кімге қаздыратынын халық өзі шешеді. Ал, қорымды сенімді басқаруға алған компанияның өз міндеттері бар. Зиратты қоршап, таза сақтау, күзету және жерленген адамдардың электронды тізімін жасау. Мұндай тәртіп қала аумағындағы барлық қорымда орнатылады.
Қурайлыда болған жиын нәтиже берген жоқ. Тұрғындар әлі де қарсы. Оларға жүйенің тиімділігін түсіндіру ауылдық ардагерлер кеңесі, депутаттар мен ауыл әкімінен құрылған комиссияға тапсырылды.
Количество показов: 1216
Дата создания: 19.09.2017 18:44:45
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>