Өткен жылы облыстағы түрмелерден 1100-ден астам адам босап шықты
Істі болғандарды бақылап, оларды тәрбиелейтін мекеме қызметкерлері бүгін 2015 жылды қорытындылады. Қазіргі күні облыстағы 4 түзету мекемесінде 1700-ден астам адам жазасын өтеп жатыр. Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің мәліметіне сүйенсек, былтыр Қылмыстық Кодекс, Қылмыстық атқару, қылмыстық процесуалдық заңнамалар мен Әкімшілік Кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан соң 1138 адам бостандыққа шығарылды. Бұл 2014 жылмен салыстырғанда 71 пайызға көп. Осылайша азық-түлік пен коммуналдық төлемдер азайып, бюджет қаржысы үнемделді. Өткен жылы 160 сотталушы айыппұл төлеп, бостандыққа шыққан. Олар мемлекетке 45 миллион 700 мың теңге кіріс түсірді. Ал 2014 жылы мұндай кіріс мүлде болмаған. Бұл есеп беру жиынына Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Мейрам Аюбаев қатысқан болатын. Ол осындағы департамент бастығы Ернат Ақылжановқа Қылмыстық атқару жүйесінің туын табыс етті.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қаулысына сәйкес Қылмыстық атқару жүйесінің туы алғаш рет жасалып, еліміздің барлық өңіріне таратылды.
Количество показов: 1491
Дата создания: 27.01.2016 18:15:58
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>