Тұмауға қарсы вакцина аласыз ба?
Күз бен қыс тұмаудың өршитін кезі. Биыл және келер жылдың эпидемиялық маусымында А және В типті тұмау вирусы тарауы мүмкін деп болжанып отыр. Осыған орай дәрігерлер халыққа сақтық шаралары туралы ақпарат беріп, вакцина алуға шақырды. Қала бойынша осы жылдың 8 айында жедел респираторлы вирусты инфекцияларды жұқтырған 2742 адам тіркелді. Оның 1749-ы 14 жасқа дейінгі бала. Тұмаумен 100-ге тарта адам ауырған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1 есеге өскен. Тұмауға қарсы егілуге халық қарсы емес. Әсіресе жастар оның маңыздылығын дәріптеп, мамандармен бірге тұрғындарды ақпараттандыруға белсене қатысты. Вакцина алу 1 қазаннан басталады. Ақысы 1100 теңге.
Количество показов: 1321
Дата создания: 28.09.2018 19:18:55