Абайлаңыз, мұз! Көпқабатты үйлер мен ғимараттардың шатырына қатқан мұз тұрғындарға қауіп төндіріп тұр. Төбедегі сүңгі төмендегінің басына түсуі мүмкін. Тұрғындар қалашығы ауданында үйлердің қасында жүру өте қауіпті. Көбінің шатырына мұз қатқан. Ауыр-ауыр сүңгілер төбеден салбырап тұр. Ұзындығы бір метрге жетеді. Құласа, біреуді жарақаттайтыны анық. Шатырдағы мұзды түсіру - пәтер иелері кооперативінің міндеті. Тұрғындар төбедегі мұз құлайды деп қауіптенсе, соған жүгінуі тиіс. Ал, сүңгі болмау үшін төбені дер кезінде қардан тазалап тұру қажет.
Қалада басына төбеден мұз құлап, зардап шеккендер жоқ. Травматолог-дәрігер Бағлан Рахметовтың айтуынша, қыс басталғалы мұндай жарақатпен бірде-бір науқас келмеген. Дегенмен, сақтықта қорлық жоқ. Шатырдан мұз сүңгілері мен қар құлауы мүмкін жерлерді айналып өтуге тырысыңыз.
Количество показов: 2486
Дата создания: 17.01.2017 18:23:13
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>