Шаһарымызда велошеру өтті
Денсаулық марафоны басталмас бұрын спортшыларға еліміздегі велоспорттың даму тарихына қатысты сауалдар қойылып, үздіктерге «Ақтөбе» футбол клубының арнайы сыйлығы тарту етілді. Көңіл-күйлері көтеріліп, бойларына күш жинаған велосипедшілер кейін шеруді бастап кетті.
Жыл сайын бұқаралық спорттық шараларға қатысушылардың саны артып келеді. Дегенмен, қаламызда арнайы веложолы жоқ. Ақтөбеліктердің қатысуымен өткен велошеру жеті шақырымға жуық қашықтықты қамтыды. Спортшылар Әілқайыр хан, Әлия Молдағұлова мен Абай даңғылдарын жүріп өтті. Велошерушілердің дені жасөспірімдер. Кәсіби велоспортпен айналысатындар шеруді бастап жүрді. Спортты жанына серік еткен нәзік жандылар да бар арасында. Кейбіреулері, тіпті, денсаулық марафонына қатысу үшін аудандардан арнайы келіпті.
Велошеруге қатысушыларды ҚР Тұңғыш Президенті атындағы орталық саябақта қаламыздың өнерпаздары күтіп алды. Бірнеше спорт ардагері қала әкімінің атынан алғыс хаттармен марапатталды.
Количество показов: 1959
Дата создания: 30.05.2016 18:15:12