Самбошылар топ жарды
1-орынды 62 келі салмақта Есет Қуанов пен 82 келі салмақтағы Еламан Қойшыбаев иеленсе, 100 келі салмақта Шыңғыс Шоқпытов қола медальді жеңіп алды. Ал салмағы 100 келіден жоғары самбошы Нұржан Бекарыстанов үшінші орыннан көрінді. Осылайша ақтөбелік самбошылар ерлер арасында командалық есеп бойынша 1-ші орынды жеңіп алды. Бұл өңір спортшыларының 16 жылда қол жеткізген ең жоғарғы жетістігі. Ал Жұлдыз Әбдіғалиева, Бақыт Қосақбаева, Әйгерім Байжан үшінші орынды иеленді. Жоғары санаттағы "Жастар" спорт мектебінде 70 самбошы жаттығады.
Количество показов: 1691
Дата создания: 11.03.2016 17:52:50