Рика телеарнасында мектеп оқушыларына арнадған ашық есік күні өтті.
Ашық есікке №6 мектептің 5 класс оқушылары келді. Оқушылар арнаның ішкі өмірімен танысып, бағдарламалардың іс жүзінде қалай жүзеге асатынын тамашалады. Ескі бейне камера мен микрофондарды қарап, телеарна өміріне экскурсия жасады. Мұндағы мақсат- балаларға телеарнаның ішкі қайнаған өмірін таныстыру, журналист кәсібінің қыр-сырын түсіндіру.Бүгін Рика телеарнасына №6 мектептің 5ші сынып оқушылары келіп, телеарна өмірімен танысты. Қала тіршілігінің бар болмысын ақпарат арқылы беріп жүрген "Рика" арнасында қонақта болған олар көрермен көзайымына айналған бағдарламалардың түсірілу барысын өз көздерімен көрді. Балаларға кадр сыртындағы қарбалас жұмыс туралы бейнеинженер мамандар айтып берді. Сондай-ақ балалар күнделікті көгілдір экран арқылы өздеріне таныс тележүргізушілермен де жүздесті.Балалар жүргізушілердің жұмыс барысына қызыға қарап, болашақта журналист болғымыз келеді дегендері де болды. Көңіл қалаған қай кәсіп те қызықты, ал үнемі қызықты оқиғалар ортасында жүретін журналистің бір күні екіншісіне ұқсамайды. Жаңа адамдармен танысып, олардан сұхбат алып, оны жазып, көгілдір экранға жіберу. Балалар бүгін осы прцесстің барлығын өз көздерімен көрді.Педагогтың айтуынша, балаларды телеарна өмірімен таныстыру оларға керемет әсер сыйлады. Бір қарағанда оңай түсірілгендей көрінетін телехабарлар тұтас ұжымның еңбегін қажет ететіндігін анық аңғарды. Осындай ашық есіктер балалардың болашақта мамандық таңдағанда зор үлесін тигізеді, қызығушылығын оятады.Количество показов: 553
Дата создания: 04.12.2023 22:09:17