Мейіргерден мейрімділік қажет
«Мейіргер ісіндегі көпсалалы тәсіл» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 2 күндік. Бүгін пленарлық отырыс, тақырыптық секциялар бойынша ғылыми-зерттеулер ортаға салынып, баяндамалар жасалды. Ертең мейіргерлерге арналған 6 шеберлік сабағы ұйымдастырылмақ. Мейіргерлер өзара тәжірибе алмасып, білімдерін шыңдайды.Іс-шара барысында медициналық жоғары оқу орындары, колледждер мен ғылыми ұйымдарда әлемдік және отандық ғалымдардың жетекшілігімен өткізілетін мейіргер ісіндегі ғылыми зерттеулердің тәжірибесі мен нәтижелері жарияланатын болады. Ал ең үздік жұмыстар қолданысқа енгізілмек. М. Оспанов атындағы БҚМУ мейіргер мамандығы бойынша 2 доктарант пен 500 ден аса студент білім алып жатыр. Медбике- бүгінде дәрігердің көмекшісі емес, серіктесі болып табылады. Мейіргер мамандығын тек нәзік жандылар ғана таңдап қоймай , ер балалар арасында да қызығушылық зор. Олар мейіргерлік мамандығын арнайы колледждерде меңгереді.Количество показов: 398
Дата создания: 19.04.2024 06:18:40