Мектеп бухгалтеріне сот үкімі шықты
Қаладағы 55-ші орта мектепте сегіз жыл бойы есепші болған сотталушы осы жылдар аралығында 413 миллион теңгеден астам аша жымқырған. Оның 200 миллионнан астамын жас жігіт құмар ойындарға салып жібереді. Айыптау актісінде көрсетілгендей, 7 жыл мектепке бұрын тексеру жүргізілгенде, есепшінің есебі түзу болып шығады. Сол уақыттан бастап мектеп есепшісі бюджет ақшасын өз мақсатына жұмсай бастайды. Бүгінгі сот отырысы аяғында ол өз күнәсін мойындайтынын айтып, өзінің жақындарынан кешірім сұрады. Сот шешімімен ол 7 жылға бас бостандығынган айырылды. Істі болған есепші өзінің оқу орнын жақсы бағамен аяқтап, футболмен айналысқанын айтады. Құмар ойынның жетегінде кетіп, қазына қаржысын жымқырғаны үшін өкінетінін де жеткізді. Естеріңізге сала кетсек, 29 жасағы мектеп есепшісіне " Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу енемесе талан-таражға салу " бабы бойынша айып тағылған болатын. Ол мектеп директорының электронды цифрлы қолтаңба кілтін пайдаланып, өзінің есеп шотына ақша аударып отырған. Барлық ақшаны ол өз мақсатына жұмсап келген. Сот отырысы кезінде есепші қыруар қаражаттың біраз бөлігін құмар ойындарға салып жібергенін айтқан болатын.Количество показов: 372
Дата создания: 22.02.2024 23:49:53