Әке отбасының асыраушысы. Ақша табамын деп жүріп, ерлеріміздің көбі баланың тәрбиесін ұмыт қалдырады. Ұлды да, қызды да ана тәрбиелейді. Жұмыстарынан көп босай қойматын бір топ әке бүгін уақыт тауып, қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы ұйымдастырған конференцияға қатысты. Екі қыздың әкесі Марал Алмағамбетов оларға лайықты тәрбие беріп жатқанына сенімді. Балалар арасында жүргізілген сауалнама мен шығармалар байқауының нәтижесі көрсеткендей, ақтөбелік оқушылардың көбі әкелеріне көңілдері толмайды екен. Жеткіншектер өз шығармаларында әкелердің балаға көңілді аз бөлетінін, жөнсіз жеки беретінін жазған. Әкенің жазалаушы емес, кеңес беруші, ең жақын дос болуын қалайтындарын айтқан.
Әкесіз өсіп жатқан балалар үшін қаланың әр мектебінде әкелер клубы құрылмақ. Онда аталар мен әкелер жеткіншектерді ер адамның үй шаруасындағы тірлігіне баулып, ерлерше әңгімелеседі. Ұл баланың бойында еркектік қасиеттердің қалыптасуына ықпал етеді. Мұндай клубтар қазір қала бойынша №3, 41 және 50-мектептерде бар.
Количество показов: 1967
Дата создания: 29.01.2016 19:39:40
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>