Күтімсіз жатқан қорым
Сүт зауыты ауданындағы ескі зиратта қала тұрғыны Артем Николаевтың үлкен әжесі жатыр. Ол бүгін марқұмды еске алып, зиярат ету үшін емес, қорымды тазарту үшін келген. Себебі, зираттың үстіне ағаш құлап, үйіліп қалған. Алайда, оны алып тастауға адамның әлі келмейді. Қаланың ішінде тұрған зираттың қараусыз жатқанына бірнеше жылдар болды. Мұндағы қоқысты тазартып шығаруға жауапты мекемені таппадық. Ескі зират жергілікті биліктің де назарынан тыс қалған. Мәңгілік мекеніне қоныстанған туыстарын еске алуға келгендер мұнда аптап ыстықта құрғақ ағаштар жанып, өрт туатынын айтады. Бірақ жалынды сөндіру үшін арнайы техниканың да кіруге мүмкіндігі жоқ. Бұл мәселе жылда қайталануда.Количество показов: 415
Дата создания: 16.04.2024 05:04:24