Биыл егістік көлемін 756,5 мың гектарға орналастыру жоспарланған
Жер құрсауы жібіп, тоң еріген тұста соқа ұстап, жер жыртқан қауым үшін шаруа қыза түсері анық. Күннің аптап ыстығымен жарыса жұмыс істейтін диханшылар маусымға дайындықты басталып та кетті. Биылғы жылы көктемгі егіске ауыл шаруашылығы дақылдарының 49,9 мың тонна тұқымы қажет. Оның, 45,8 мың тоннасы қазір қамбаға салынды. Егіс жұмыстары шамамен мамыр айының ортасында басталмақ.Көктемгі егіс жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу маңызды. Өйткені бұл – облысымызға азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өзекті мәселе. Тек біздің өңірді ғана емес, еліміздің басқа да елді мекендерін де дәнді дақылмен қамтамасыз ету мақсаты тұр. Расында, көктемгі егістік жұмыстары қаншалықты үйлесімді атқарылған болса, күздегі жиын-терімде молшылық болары сөзсіз.
Бұл тұста диқаншы қауымға артылар сенім зор. Жоспарға сәйкес, облыста көктемгі далалық жұмыстарын жүргізуге 1600 трактор, 100-ден астам егіс кешені, 1300 тұқым себетін және 1600 жер өңдейтін техника жұмылдырылмақ.
Количество показов: 342
Дата создания: 23.04.2024 06:06:02
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>