Белгілі тұрағы жоқ 4 адам құжат алды
Олег Кособрюхов құжаттарынан оншақты жыл бұрын айырылып қалған. Тұратын жері де құжаты да жоқ жігіт көше кезіп, қайыр тілеп кеттім, дейді. Ішімдікке де соның күйігінен салынып кеткенімді білмей қалдым. Соңында далада қалдым деп бөліседі 53 жастағы Олег.Олег сияқты әлеуметтік орталықты паналап жүргендердің арасында зейнетақы ала алмайтындар да бар. Олар да құжатсыз жүргендер. Орталық басшылары құжат алған мүгедек жандарды оңалту орталықтарына жібертіндерін айтады. Ал зейнет жасқа жеткендер, зейнетақы алатын болды. Бүгін облыстық көші-қон департаментінің басшылары орталықтағы 4 адамға жеке басын куәландыратын құжаттар табыстады.Количество показов: 324
Дата создания: 02.03.2024 01:47:39