Бұкіләлемдік XXVIII қысқы универсиада ойындары Мәртөк ауданында
Осыған орай Мәртөк ауданының жастары мен спортшылары универсиадаға қолдау көрсету мақсатында спорттық марафон өткізді. Ауданымыздың атын шығарып жүрген спортшыларымызбен бапкер, жаттықтырушыларымыз бастаған топ көк туымызды желбіретіп, аудан әкімдігінің ғимаратынан стадионға дейін жүріп өтті.
Барша қатысушыларды Аудан әкімінің орынбасары Тілегенов Бағжан Нұруллаұлы құттықтады. Сондай – ақ аудандық білім бөлімінің әдіскері, 7-ші қысқы Азиялық ойындарының алауын ұстаушы Ертөс Абдрахманов универсиада тарихынан сыр шертіп, құттықтау сөз сөйледі.
Алаң толы жастар XXVIII универсиаданың құрметіне арнап флешмоб билеп, шара мұз үстіндегі «көңілді старт» ойындарымен жалғасты.
Алдағы универсиада еліміз үшін табысты болып, жеңістеріміз көп болсын!
Количество показов: 2394
Дата создания: 12.01.2017 19:18:22