Apple компаниясының атын жамылған "контрафакт" өнімдердің көзі жойылады
Әйгілі Apple компаниясының атын жамылған "контрафакт" өнімдердің көзі жойылады. Бүгін зияткерлік меншік саласында құқық бұзушылықтың алдын алу мәселеріне қатысты өткізілген отырыста осы мәселе талқыланды. Елімізде бірінші рет Apple компаниясының атын жамылып, қаптап кеткен контрафакт өнімдеріне қатысты шағым түскен. Әділет департаментіне шағымданған кәсіпкер өз арызында нарықты жаулап алған сапасыз өнімдердің зияндылығы туралы да атап көрсетіпті. Әйгілі компания өнімдерінің атауын иемденген сапасыз ұялы телефондарды пайдаланушылардың арасында зардап шеккендер де аз емес.Сондықтан, қауіптің алдын алу мақсатында тексеру жұмыстары жүргізілетін болды дейді ведомство өкілі. Әділет департаменті мамандары енді елімізде жаппай осы компанияның атауын иемденіп жүрген кәсіпкерлерге нақты шара қолданылатынын айтып отыр. Егер кәсіпкерден құны 2 мың есептік көрсеткіштен асатын контрафакт өнім табылса, бірден қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Тексеру кезінде тәркіленген тауарлардың бірден көзі жойылады.Кәсіпкерлік саласында жарияланған мораториге қатысты соңғы екі жылда жағдай босаңсып кеткен. Нарықта арнайы сертификаты жоқ химиялық өнімдер мен тұрмыстық заттар өте көп кездеседі. 26-шы мамырға дейін жалғасатын "Контрафакт" республикалық акциясы аясында барлық сауда орындары бақылауға алынатын болады, дейді Тимур Үбішев. Арнайы шара кезінде депаратамент мамандары құқық қорғау орындары мен экономикалық тергеп- тексеру, мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерлерімен бірігіп жұмыс жүргізетін болды.
Количество показов: 944
Дата создания: 19.05.2023 13:48:58