Балаларын балабақшаға орналастырғысы келетін ақтөбеліктер "Металлургтер" мәдениет үйінің алдына бүгін ертемен жиналған. Алдын ала хабарландыруды естіп келіпті. Бірақ, кезекке тұрғандардың барлығы бірдей бүгін жолдама ала алмады. Балабақшаға қабылдау жолдамасы белгіленген кесте бойынша беріледі. Алдын ала құрылған кесте бойынша бүгін 5 жасқа толған балалардың құжаттары ғана қабылданды. Кезекке қай жылы тұрғандары сараланып жатпады. Олар 430 бала. Одан кейін әскери қызметкерлер мен көп балалы отбасылардың, 1-2 топ мүгедектігі бар ата-аналардың балалары жолдама алады. 2013 жылы кезекке қойылған барлық бүлдіршінге биыл жолдама беріледі.Шаһарымызда 120 мектепке дейінгі ұйым бар. Оның 50-ге жуығы мемлекеттік тапсырыспен жұмыс жасайтын жеке балабақшалар. Мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдардың санымен теңескен. Жеке балабақшалардың өкілдері "Металлургтер" мәдениет үйінің алдында келушілерге өз ұйымдарын таныстырды. Мұндай мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекет әр тәрбиеленуші үшін айына 16 200 теңгеден төлейді. Қалған ақы ата-ананың қалтасынан шығады.
Құжаттар "Металлургтер" мәдениет үйінде 24 маусымға дейін қабылданады. Ата-аналарға құжаттарын тапсырғаннан кейін жолдаманы Еgov.kz порталынан электронды қолтаңба арқылы да алуға мүмкіндік бар. Құжат тапсырушы мұны өтінішінде көрсетсе болғаны. Ал, қазір шаһарымызда 32 мың бала бақша кезегінде тұр. Оның 10 мыңға жуығы 3-тен 6 жасқа дейінгі бүлдіршіндер.
Количество показов: 1924
Дата создания: 02.06.2016 18:08:54
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>