Қала тұрғындары автобустарда валидатор құралы істен шығып қалатынын айтады.
Қоғамдық көліктерлеге кіріп келген бойда қолма-қол есеп айырысу кезінде жол ақысы 150 теңге деген жазулар көзге түседі. Дегенмен қазіргі кезде көпшілік валидатор құралы арқылы жол ақысын төлеп жүр. Ал, техникалық ақаулар болып, құрал істен шыға қалған жағдайда кейбір жүргізушілер жолаушылардан қолма-қол ақша талап ететін көрінеді.Сондай-ақ жолаушылар аялдамаларда кейбір бағыттағы автобустарды ұзақ күтуге мәжбүр. Олардың қатарында бірнеше шағын ауданды аралайтын 7 ші бағыттағы автобус та бар. Тіпті тұрғындар жаңадан сатып алынған автобустардың да салоны тар, орын болмай қалған жағдайда тұрудың өзі мұң,-дейді. Қолма-қол төлемге қатысты дауға "Автопарк" серіктестігінің заңгері Руслан Жылқаманов мекеме тарапынан жүргізушілерге шара қолданылатынын айтады. Ол валидатор құралы жұмыс істемей тұрса, жолаушыға сол мезетте қызмет құнын төлемей-ақ қоюға болады дейді. Ал, жолаушыдан қолма-қол ақша талап еткен жүргізушіге алдымен ауызша ескерту беріледі, мұндай жағдай екінші рет қайталанып жатса, жұмыстан шығарылады, дейді заңгер. "Автопарк" ЖШС меншігіндегі 150 автобус қазіргі кезде жолаушылар тасымалымен айналысады. Қоғамдық көліктердің тозығы жетіп, ескіріп кеткен. "Автопарк " ЖШС жақында қалаға 30 су жаңа автобус жеткізілетінін айтады. Сондай-ақ жаңа жылдан кейін мекеме тағы да 70 автобус сатып алуды жоспарлап отыр.
Количество показов: 678
Дата создания: 13.10.2023 02:23:16