Ақтөбе мен Қызылорда медицина саласы арасында әріптестік меморандумы жасалды
Қызылорда облысынан келген делегаттар қаламыздағы бірнеше емханалар мен ауруханаларды аралап көрді. Қос өңірдің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары кейін "Дару" оңалту орталығында кездесті. Өңіраралық байланысты нығайтып, медицина саласындағы серіктестікті арттыруға арналған кездесуге қаламыздағы медициналық мекемелері бас дәрігерлері мен профессорлар да қатысты. Өңірімізде соңғы 10 жылда 117 медициналық нысан іске қосылған. Қазір облыста 505 емдеу мекемесі бар. Оның 47-сі аурухана. Халыққа қызмет көрсетіп жүрген емдеу мекемелерінің дені жекенің қолында. Батыс Қазақстан бойынша Ақтөбеде трансплантология жақсы дамып келеді. 2014 жылдың қараша айынан бастап бүгінге дейін 8 бүйрек, екі бауыр ауыстыру отасы жасалған. Қаламызға емделу үшін өзге өңірлерден келетіндер саны жыл санап артып келеді. Былтыр еліміздің түкпір-түкпірінен 2 200-ден астам емделуші келсе, оның 600-ден астамы көрші Қызылорда облысының тұрғындары. "Дару" оңалту орталығында өткен кездесуде екі тарап бірлескен ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұл құжат негізінде дәрігерлер бір-бірімен тәжірибе алмасып, бірлескен шаралар өткізетін болады.
Айта кетейік, биыл шаһарымызда 500 науқасты қабылдайтын емхана, 300 адамға арналған қалалық балалар тіс емханасы мен жедел жәрдем бекетінің құрылысы басталады.
Количество показов: 1537
Дата создания: 03.05.2016 18:49:34
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>