

- Шаруашылықпен 2003 жылдан бастап айналысып келемін. Қазір 32 мың гектар жерім бар. Оның 9 мың гектары егістік алқап. 5 500 гектарға бидай, 2000 гектарға жуық арпа, 1 500 гектар житняк егемін. Тұқымның барлығы дайын. Жоғары сапалы, анализден өткен тұқымдар. Ал мал шаруашылығын 2005 жылдан бастап қолға алдым. Қазіргі таңда 220 бас «Кушин» тұқымды жылқы бар. Оның 141 бас жылқыны өткен жылы Оралдан әкелдік. 70 бас жылқы паспортымен келді. Шаруашылықта 314 бас ірі қара ұстаймын. Одан биыл 150 бас төл күтудеміз. Сондай-ақ, Ак-Тептен 300 бас қашар алатын жоспарымыз бар.Жалпы шаруашылықта жұмыс жасайтын малшылардың жалақысы 100 000 теңге. Алдағы мамыр айынан бастап 150 000 теңгеге көтеремін. Малшылар тұратын үйлер жөнделген, қосымша жаңа бір үй тағы салдым. Енді газ тарту мәселесімен айналысып жатырмын. Сонымен қатар, күзде әр бұзаудың басына 5000 теңгеден сыйақы беруді жоспарлап отырмын, - дейді.

Аудан әкімі А.Бердалин сәрсенбідегі іс сапарында Табантал ауылдық округіне қарасты шаруа қожалықтарын аралап, мал күйін, жем-шөбінің жеткіліктілігін көзімен көріп, тұқым сапасын, көктемгі егістік жайын білді.

