
«Нұр Отан» партиясы Хромтау ауданындық филиалы ғимаратында аудан басшысы Аманғали Бердалин қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау кезінде негізінен әлеуметтік мәселелер бойынша аудан басшысына жүгінген тұрғындар қанағаттанарлық жауаптар алды.
Қала көшелерінде қатынайтын бағыттық автобустар шығаруды ұсынған тұрғынға:
– Қазіргі таңда бұл сұрақты шешу жолдары қарастырылуда. Тұрғындар тарапынан түрлі ұсыныстар айтылуда. Бағыттық автобустар шығармастан бұрын біз алдымен аялдамаларды қалыпқа келтіріп, талапқа сай жаңаларын орнатуымыз керек – деді А.Бердалин өз жауабында.
Аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған кестеге сай өткен қоғамдық қабылдау әлі де өз жалғасын таппақ. Келесі қабылдаудың уақыты әлеуметтік желілер парақшаларында жарияланатын болады.
