Мәртөк ауданына қарасты Қаратоғай және Қаратаусай селолық округтерінің әкімдері халық алдында есеп берді.
Әкімдердің есебіне аудан басшысы Н.С.Қалауов пен маслихат депуттары қатысты. Әкімдер халық алдында жыл бойы ауылдың әлеуметтік хал жағдайы, көркейту-көгалдандыру, мәдениет, білім саласы, пошта байланыс бөлімшесі, қоғамдық тәртіп, денсаулық сақтау, ветеринария, салық салалары бойынша және ауылдық округі әкімінің аппаратында атқарылған жұмыстарға жайында баяндама оқып, халықтың қойған сұрақтарына жауап берді. Әкімдердің жұмысына оң баға бере отырып, болашақта ауылды дамыту жөнінде өз ұсыныс-пікірлерін білдірді.
Кобланды Ещанов (Хромтау):
IV Областная спартакиада по хоккею с мячом прошла в Хромтау
Воспитание молодежи в духе здорового образа жизни, а также развитие юношеского спорта стали главной целью зимней спартакиады. Чемпионат области в этом году проходил 20-22 января в городе Хромтау. Участие в нем приняли команды из Актобе, Мугалжара, Шалкара, Темира, Алги, Хромтау.
Главный специалист Актюбинского облуправления физкультуры Дархан Тажигулов:
- Мы всегда гордимся тем, что у нас есть мастера спорта. В городе Алматы в 2011 году на VII Зимних Азиатских играх по хоккею с мячом Султан Кадиржанов из Хромтау стал чемпионом среди молодежи, выиграл чемпионат Казахстана, который состоялся в Уральске. Также среди мужских команд «Гоняк» занял 2 место в соревнованиях, проходивших в Астане.
- В 2016 году наша команда из Хромтау, юноши 1999-2000 года рождения, участвовали в чемпионате мира в г. Архангельске. Эти достижения подняли нашу гордость и настроение, - сказал секретарь районного маслихата Хромтауского района Даурен Молдашев.
23.01.2017
Кобланды Ещанов (Хромтау):
МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАР АРҚЫЛЫ МАЛ БАСЫН АРТТЫРУ ШАРАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
– Ауданда ауыл шаруашылығын дамытып, мал басын көбейтуге көбірек жұмыс жасау керек. Ол үшін тұрғындарға «Сыбаға», «Алтын асық», «Құлан», «Ырыс», «Береке» секілді мемлекеттік бағдарламаларды кеңінен насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижеге қол жеткізуіміз тиіс, – ауыл шаруашылығы мамандары мен қаржыгерлердің басқосуында осылай деген аудан басшысы бұл тұрғыда негізгі жауапты жұмысты ауыл әкімдерінің атқару керектігін атап өтті.
Аудан әкімі Аманғали Бердалин төрағалық еткен жиынға облыстық Экономикалық талдау және инвестиция бөлімінің басшысы С.Шаумен, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ АФ директорының орынбасары М.Бекжанов, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау» АҚ несие бөлімінің басшысы Н.Қосмағамбетов, «Ақтөбе Агросервис» ЖШС директоры М.Қадыров, «ҚазАгроФинанс» АҚ АФ директоры А.Прашев, «Хромтау аудандық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ-сі басшысы С.Сағымбаев, сонымен қатар, аудан көлеміндегі бірқатар мекемелердің басшылары мен мамандары, ауылдық округ әкімдері, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты.
Түрлі ұсыныстар мен талқылауларды тыңдай келе А.Бердалин ауыл шаруашылығы бөлімі мен ауыл әкімдеріне аталған бағдарламаларды ауыл тұрғындары арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу бойынша нақты шаралар атқаруды тапсырды.
Кобланды Ещанов (Хромтау):
АУДАН ӘКІМІ А.БЕРДАЛИН ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ
«Нұр Отан» партиясы Хромтау ауданындық филиалы ғимаратында аудан басшысы Аманғали Бердалин қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдау кезінде негізінен әлеуметтік мәселелер бойынша аудан басшысына жүгінген тұрғындар қанағаттанарлық жауаптар алды.
Қала көшелерінде қатынайтын бағыттық автобустар шығаруды ұсынған тұрғынға:
– Қазіргі таңда бұл сұрақты шешу жолдары қарастырылуда. Тұрғындар тарапынан түрлі ұсыныстар айтылуда. Бағыттық автобустар шығармастан бұрын біз алдымен аялдамаларды қалыпқа келтіріп, талапқа сай жаңаларын орнатуымыз керек – деді А.Бердалин өз жауабында.
Аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған кестеге сай өткен қоғамдық қабылдау әлі де өз жалғасын таппақ. Келесі қабылдаудың уақыты әлеуметтік желілер парақшаларында жарияланатын болады.
20.01.2017
Кобланды Ещанов (Хромтау):
АУДАН ӘКІМІ АМАНҒАЛИ БЕРДАЛИН ДӨҢ ТАУ-КЕН БАЙЫТУ КОМБИНАТЫНЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Аудан әкімі Аманғали Бердалин «Қазхром ТҰК» АҚ филиалы Дөң тау-кен байыту комбинатының бас директоры Марал Бекеевпен кездесу барысында «Молодежный» шахтасы мен карьерлерінің қазба жұмыстарымен танысып, кеншілердің қиын жұмысын көзімен көрді.
– Бізге алдымен адамның өмірі қымбат. Сондықтан, кеншілердің өмірінің қауіпсіздігіне көп көңіл бөлу керек, – деді.
М.Бекеевтің айтуынша, «Қазақстан Тәуелсіздігіне 10 жыл» шахтасының кен қоры 100 жылға жетеді екен. Ондағы мердігер неміс компаниясының кен қазу жұмыстарындағы жаңашылдықты баяндап, аталмыш технологияны алдағы уақытта Дөң ТКБК-ге де енгізу көзделіп жатқандығын айтты. Марал Мұңсызбайұлы материалдық-техникалық базаның күшейтілуі, жаңа техникалардың әкелінуі, сонымен қатар, қалақұрушы кәсіпорынның болашағы жөнінде де баяндап берді. Аудан әкімі А.Бердалин аудан көлемінде соңғы жылдары жаңадан мәдени-әлеуметтік нысандардың салынбағандығын алға тартып, М.Бекеевке Дөң тау-кен байыту комбинатының ауданның дамуына өз үлесін қосуы керектігін айтты.
Кобланды Ещанов (Хромтау):
XXVIII БҮКІЛӘЛЕМДІК ҚЫСҚЫ УНИВЕРСИАДАНЫ ҚОЛДАУ ШАРАСЫ ӨТТІ
№6 Хромтау гимназиясының ауласында «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен XXVIII Бүкіләлемдік қысқы Универсиада ойындарын қолдау шарасы өтті. Оған Хромтау қаласындағы мектептердің оқушылары қатысты. Шараның ашылуында Жастар ресурстық орталығының басшысы Ардақ Құрбанбаев:
– 2011 жылғы 29 қарашада Халықаралық университеттік спорт федерациясы Алматы қаласын 2017 жылы 28-ші Бүкіләлемдік қысқы универсиаданы қабылдайтын қала ретінде жариялады. Бүкіләлемдік университеттік ойындар Алматы қаласында 2017 жылғы 29 қаңтар мен 8 ақпан аралығы кезеңінде өтеді.
Біз қысқы Универсиаданы қабылдап отырған ТМД елдерінің ішіндегі алғашқы және Азия өңірінде төртінші ел болып табыламыз. Бұдан бұрын осындай іс-шара тек Жапония, Корея және Қытай елдерінде ғана өткен. Универсиада – Халықаралық университеттік спорт федерациясының қолдауымен өткізілетін студенттер арасындағы халықаралық спорттық жарыстар. Жарыстарға Универсиада қарсаңында 17 мен 28 жас аралығындағы студенттер, аспиранттар мен түлектер қатыстырылады. 2017 жылғы қысқы Универсиада жарыстары 12 спорт түрінен өтеді. Ақтөбе облысының атынан Хромтау қаласының тумасы, конькиші Мария Сизова Универсиада ойындарына жолдама алды, – деп атап өтті.
Шараға қатысушылар флешмоб билеп, Универсиада ойындарына қолдау білдірді.
14.01.2017
Кобланды Ещанов (Хромтау):
АУДАН МУЗЕЙІНІҢ ҚОРЫНДА 4552 ЖӘДІГЕР БАР
Хромтау ауданының тарихи-өлкетану музейі 1 жыл ішінде 442 экспонаттармен толықты.
Қазіргі таңда аудандық тарихи-өлкетану музей қорында 4552 құнды жәдігерлер сақтаулы. Соның 442-сі биылғы музей қызметкерлерінің тынымсыз іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында жинақталған мұралар. Олардың ішіндегі маңыздылары жастық ағаш, әртүрлі төс белгілер, көркем әдебиеттер мен қолжазбалар. Аудандық тарихи-өлкетану музейінің негізгі қорында 2040 құнды жәдігерлер болса, қосымша қорында 1726 экспонат бар. Ал кітап қорында 786 маңызды көркем әдебиеттер жинақталған. Хромтау ауданының тұрғындары музейге барып, құнды жәдігерлерді көздерімен көріп, олардың тарихымен таныса алады.
«Хромтау аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-нің басшысы Сәкен Елдесов, «Жұмыспен қамту орталығы» КММ-нің директоры Света Елеутова және «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ардақ Құрманбаев Аққұдық, Көктау, Көктөбе, Абай, Ақжар ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті. Кездесу барысында халықты нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасымен таныстырп, бағдарламаның үш бағыты бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Бағдарламаның бірінші бағыты - бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету.
- Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік білімі бар кадрларды даярлау;
- Жұмысшы кадрларды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптер және дағдылар бойынша қайта даярлау курстарына оқыту.
Екінші бағыт - жаппай кәсіпкерлікті дамыту.
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша Бағдарламаға қатысушыларды кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;
- Ауылда және қалада кәсіпкерлік негіздерін қаржыландыру. 6 пайызбен 6 млн. теңгеге дейін 4 жарым жылға мал шаруашылығы, бау-бақша, жылыжай, қоян өсіруге, ТҚО, сүт қабылдау бекеттері, тігін цехі, наубайхана, сүт қоныс жайлары, жүн өңдеу цехін ашуға шағын несие қарастырылады.
Үшінші бағыт - халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту.
- Жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
Әлеуметтік жұмыс орындарына аз қамтылған адамдар, мүгедектер, 50 жастан асқан әйелдер, оралмандар, 9-11- сынып бітірген жұмыссыз азаматтарды 12 айға дейін жалақысының 35 пайызын субсидиялау арқылы уақытша жұмысқа орналастырылады.
Жастар тəжірибесіне жоғарғы және орта арнаулы оқу орнын бітірген жұмыссыз түлектер 6 ай мерзімге уақытша жұмысқа орналастырылады.
13.01.2017
Кобланды Ещанов (Хромтау):
ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУЛЕР
Жұмыспен қамту әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Сәкен Елдесов, Жұмыспен қамту бөлімінің директоры Света Елеутова және Жастар ресурстық орталығының басшысы Ардақ Құрманбаев Табантал, Тассай ауылдық округтерінде болып, халықпен кездесті. Кездесу барысында халықты жұмыссыздықты азайту жоспарларымен таныстырып, шағын несие алу жолдары, қайта оқыту және «Жасыл ел» жұмыстарына орналастыру туралы кеңінен ақпарат берді.
09.01.2017
Кобланды Ещанов (Хромтау):
На трассе Самара-Шымкентработают пункты обогрева
Сегодня в Хромтауском районе руководитель отдела жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог Амангельды Караков сообщил, что на трассе "Самара-Шымкент» работают пункты обогрева. На 832 и 864 километрах установлена автономная система отопления. Теплоузлы предназначены для водителей и пассажиров. В двухкомнатном номере по 10 мест, каждая комната имеет отдельную печь, кровати и чистое постельное белье, есть необходимые на первое время продукты питания, посуда. Гнев зимы, снежные заносы путешественникам не страшны, транспорт для пассажиров с тепловых станций работает днем и ночью.
29.12.2016
Кобланды Ещанов (Хромтау):
Наш корреспондент в Хромтау Кобланды Ещанов прогулялся по вечернему городу и показал, как красиво по-новогоднему оформлен центр Хромтау, города горняков и металлургов.
14.12.2016
Жаныл Демова (Мәртөк):
Қайырымдылық – адамның ізгі қасиеттерінің бірі.
Қайырымдылық – адамның ізгі қасиеттерінің бірі. Халқымыз кашан да кайырымдылықтан кенде болмаған, жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған. Ата-бабалардың игі дәстүрі Мәртөк ауданында жалғасын тапты. Вячеслава есімді кішкентай бүлдіршінге көмектесу мақсатында Жастар ресурстық орталығы мен Аудандық мәдениет үйі «Жан жылыу» қайырымдылық концерт ұйымдастырды. 3 жасар бүлдіршіннің туылғаннан екі құлағы естімейді. Бір құлағына квота арқылы ота жасалған. Енді екінші құлағына ота жасау үшін қаржы қажет. Ал ата-анасының ондай қомақты қаржы тұратын отаны қалтасы көтермейді. Кішкентай бүлдіршіннің тағдырына бейжай қарамаған мейірімді жандар бұл шараға қолдау көрсетіп, көмек қолын ұсынды.
Концертте бүлдіршінге қолдау көрсету мақсатында аудан жастары өз өнерлерін көрсетті. Ән мен биден шашу шашып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Концерттен түскен барлық қаржы Вячеславаға табысталмақ.
Бала – біздің болашағымыз! Әлемдегі барлық балалардың дені сау болсын! Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып тұрайық!!!
12.12.2016
Асемгуль Жумаева (Темир):
Мына ақсақал 12 жыл төсек тартып жатырған ел ағасы
Ұзақ жылдар ел басында қызмет еткен. Кеңесту совхозының директоры қызметін сонау жекешелендіру кезеңінің қиын уақытында атқарған. Ел Тəуелсіздігінің 25 жылдығымен құттықтап кіші буын келгенде қуанышын жасыра алмады. 4 ұл, 6 қыз тəрбиелеп өсірген. Бүгінде немере, шөбере сүйіп отыр. Жұбайы өз сөзінде:"сіздер тəуелсіздіктің алынбаған кезіндегі өмірді көп біле бермейсіңдер. Су, жарық, жылудың тапшылығын көрмедіңдер. Қазір ауыл керемет. Қаладан кем емеспіз. Үйге су, газ келіп тұр.ауыл іші таза, көше жарық. Бұның барлығы сол тəуелсіздіктің арқасы. Егемендігі жолындағы еңбегін елеп келіп жатқандарыңа, таудай көңілдеріңе ризамын",- деп ризашылығын білдірді.
Евгения Иванова (Хромтау):
В Хромтау прошла выставка рукоделия
10 декабря в торговом доме «Кок-уй» прошла третья ярмарка рукоделия. Участвовали 4 рукодельницы. Там были представлены работы ручного вязания, оригинальные цветы из бисера, портретная вышивка. Для этих творческих людей выставка - уникальная возможность заявить о своём таланте общественности, найти новых клиентов. Пожелаем рукодельницам успеха в их начинаниях!
Кобланды Ещанов (Хромтау):
Новогодняя ёлка для детей прошла в Хромтау
Третий год подряд её устраивает для детей работников предприятия профсоюзный комитет Донского ГОКа (АО "ТНК "Казхром", Евразийская Группа). И каждый раз всех детей на этой ёлке поздравляет не только Дед Мороз, но и директор Донского ГОКа Марал Бекеев, который лично вручает участникам действа подарки (ёлку в народе называют "директорской").
В этом году 63 ребёнка получили сладости, мягкие игрушки и планшеты. Развлекали их профессионалы, в программе была шоу-программа, шоколадные фонтаны, кэнди-бар, "химическое шоу", фото на память и многое другое. Мероприятие понравилось и деткам, и их родителям.
В Хромтау прошла молодёжная спартакиада, посвящённая 25-летию Независимости
Команда ФООР заняла почётное 1 место в молодёжной Спартакиаде "Забег в валенках", посвященной 25-летию Независимости Казахстана и 10-летию Совета Молодёжи Донского ГОКа! Единство духа и сила команды! Вот что способствует достижению победы!
Участники команды ФООР: Кожамуратова С.В, Исекеева А.К., Жумагулова К., Маратов Д.М., Рскул.
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>