Ғазиза Жұбанованың 90 жылдығына арналған "Жыр жазамын жүрегіммен" атты республикалық ақындар мүшәйрасының қорытындысы шықты. Бүгін "Жұбановтар әлемі" орталығында жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтті. Ғазиза Жұбанованың тоқсан жылдығына арналған ақындар мүшәйрасы қыркүйек айында жарияланған. Байқауға еліміздің әр аймағында тұратын 25 ақыннан 71 жұмыс түсті. Қазылар алқасы жеті ақынның шығармасын таңдап алған. Ақтөбелік ақын Жұлдыз Қожабекова ынталандыру сыйлығына ие болды. Оған 70 мың теңге сыйақы табысталды. Шығыс Қазақстан облысының ақыны Сәтжан Кәріпбайға Ғазиза Жұбанованың арнайы жүлдесі берілді. 100 мың теңге сыйақысы бар. Ал, мүшәйраның бас жүлдесі - 350 мың теңгені республикалық "Әдебиет" порталының редакторы, астаналық ақын Айжан Тәбаракқызы жеңіп алды.
"Жұбановтар әлемі" үйі Жұбановтардың шығармашылық мұрасын насихаттап қана қоймай, дарынды жастардың бас қосатын орталығы болмақ.
"Жұбановтар әлемі" үйін ақтөбелік кәсіпкер Қайрат Мәйтеков салып берді. Мәдениет ошағында шағын музей, кітапхана, концерт және оқырман залдары бар.
Количество показов: 1769
Дата создания: 04.12.2017 11:57:43
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>