Жасөспірім психологиясы өзекті
Мамандардың айтуы бойынша жас буын мен ересек адамдардың арасындағы ара қашақтықты ұмытпаған абзал. Себебі: үлкен буын өкілдері олар үшін жауапкершілік алатын тұлға. Дегенмен, қазіргі заманда қоғамға ере алмай, ой өрісі артта қалып жатқан балалар көп. Ал, аталмыш семинар қатысушыларға жас буынды түсініп, эмоционалдық жағдайларда туындайтын мәселелерді шешуге дәріптейді.Кез-келген ұлттың қай уақытта болмасын алдында тұратын ұлы міндеттерінің бірі - саналы ұрпақ тәрбиелеу. Жас ұрпақты қоғамда қабілетті, қазіргі заманға бейім, білімді, тұлға тәрбиелеу - ең өзекті мәселе болып отыр.Жасөспірімдер көбінесе ата-анасының оларды тыңдамайтынына, олардың ойлары мен пікірлеріне қызығушылық танытпайтынына, олардың көзқарастарын білгісі келмейтініне шағымданады. Яғни, кейбір ата-аналар жасөспірім балаларының өзгеріс жағдайларына немқұрайлық танытады. Осы тұста түсініспеушілік пен конфликт пайда болады. Демек, жасөспірім кезеңнің жоғарыда аталған барлық ерекшеліктерін ескере отырып, жасөспірімнің жеке тұлғасының қалыптасуы қоршаған ортаның тікелей әсерінен болады деген қорытынды жасауға болады.
Количество показов: 230
Дата создания: 01.11.2024 06:44:05