Жалақы дауы
Өңірдегі "VIVA PRO" ЖШС-нен ақтөбеліктердің еңбек ақыларын ала алмай жүргендеріне жуырда екі жыл толады. Мұнай өңдеумен айналысатын жеке компания бұрынғы қызметкерлеріне 6 млн. теңгеге жуық берешек. Әділдік іздеп сабылғандарға прокуратура да, сот та, сот орындаушысы да көмектесе алмаған. Ешкімнен қайыр болмаған соң жұмысшылар бүгін редакциямызға келді. Дауға қатысты 26-қазанда "Вива Про" ЖШС-інің бұрынғы басшысы пікір білдіріп, қарашаның соңына дейін жұмысшылардың жалақысын толық өтейтінін айтқан болатын. Алайда, нәтиже жоқ. Компанияны өз ұлының атына аударып тастаған Бейсенхан Байбатыровпен байланысу мүмкін болмады. Шағымданушылардың сөзінше, ол қазір шетелде жүр. Ұлының атында мүлдем мүлік жоқ. Ал, адал еңбек пұлдарын ала алмай жүрген ақтөбеліктер кімнен қайыр көретіндерін білмей дал. Араларында зейнет жасына жақындағандар да бар.
Количество показов: 1012
Дата создания: 14.01.2019 18:33:02