Қызыл судың зардабы
Айтып келмейтін тілсіз жаудан облысымыз бен қала тұрғындары біраз зардап шекті. Бірі баспаналары мен мүліктерінен айрылса ал, бірінің үйлері аман қалған. Есесіне ауласын су шайып кеткендер де бар. Судың деңгейі үйінің іргетасына дейін ғана жеткен қала тұрғыны республикалық және аудандық қаржылай көмек алған. Бұл үйдің ауласын сәуір айында толықтай су шайып кеткен. Іргетасын биік қалағанына қуанған тұрғын үйіміздің іші көп зардап шекпеді, дейді. Дегенмен қазір үйдің іші салқын,сыз тартып тұр, әрі жылып болмайды екен. Ал үйдің іргетастары үгітіліп, бау-бақшам мен жер телімдері мен сырттағы әжетхананы толықтай су басқан. Қаржылай көмекті тұрғын 2 рет алған. 1 млн 800 мың және 369000 теңге. Сонымен қатар азық-түлікпенде қамтамасыз етіліпті. Ауламыз суға кеткеннен кейін үйімізге кіре алмадық, 1.5 айдай туысымның үйінде тұрдым, дейді. Облыс әкіміне алғысын жеткізген ана қазір бау-бақшасы мен жертөлесін қалпына келтіріп алған. Ендігі алдағы уақытта үйіміздің іргетасына жөндеу жұмыстарын жасаймыз дейді.Количество показов: 191
Дата создания: 14.09.2024 10:07:10