Үй ауласынан 15 жастағы қыздың денесі табылды
Жантүршігерлік оқиға. Кеше кешке Тургенев көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан 15 жастағы оқушы қыздың мүрдесі табылды. Мәйіт сөмкеге салынған. Сот-медициналық сараптама нәтижесі көрсеткендей қызды буындырып өлтірген. Бүгін Зауыт полициясы бөлімінің басшысы Самат Әйісов хабарлағандай, №19 орта мектептің тоғызыншы сыныбында оқитын қыз қазанның сегізі күні кешке ата-анасынан сыныптас құрбымның үйіне қонамын деп сұранып шығып кеткен. Содан не үйіне, не мектепке келмеген. |
Количество показов: 1916
Дата создания: 10.10.2013 19:49:49