ТЖД әлеуметтік осал топтағы отбасылардың үйлеріне тегін қауіпсіздік қондырғылар орнатуда.
Көмірмен жылытылатын жеке үйлер қауіп ошағына айналып барады. Мұндай үйлер саяжайларда көп. Бүгін Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері жеке тұрғын үй секторларын аралап, жылыту пештеріне қауіпсіздік қондырғыларын орнатып шықты. Саяжайдағы бұл үйде Жарқынғали Жайылбеков отбасымен 10 жылдан бері тұрып жатыр. Көшеге газ құбыры тартылғанымен, отбасында оны үйге кіргізіп алатын қаражат жоқ. Отағысының үлкен қызы да бала-шағасымен осы жерге көшіп келіпті. Бір ауладағы екі үй де көмір пешімен жылытылады. Қалалық төтенше жағдайлар басармасының қызметкерлері бұл үйге бүгін бірінші рет көміртегі тотығының датчигін орнатты. Пештің қақпағынан шоқ түсетіндіктен, еденге қаңылтыр да қағып береді. Бұл қызметтер үшін мамандар ақы алмайды. Арнайы қондырғы пештен улы газдың иісі шыққан кезде дабыл береді. Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары саяжайларда тұрып жатқан 70 тен астам отбасына осындай қызмет түрін тегін көрсетеді. Көп балалы және тұрмысы төмен отбасыларға бүгін басқарма тарапынан тегін азық-түлік те таратылды. Басқарма демеушілердің көмегімен қайырымдылық шарасын да ұйымастырған. Бұл маусымда төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерері 1685 үйді аралап үлгеріпті. Жыл басынан бері қала аумағында 188 өрт оқиғасы тіркеліп, 8 адам қаза тапқан. Материалдық шығынның өзі 160 миллионнан асып кеткен. Жылыту маусымы кезінде өрт оқиғалары жиілеп кетеді,сондықтан алдын алу шараларына ерекше назар аудара бастадық дейді төтенше жағдайдар басқармасының қызметкерлері.Количество показов: 402
Дата создания: 21.09.2023 01:44:08