Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай автошеру өтті
25 ақ түсті көліктерді атқа қонған жігіттер бастап жүрді. Олар жол бойында екі қатар құрап, Әбілқайыр хан даңғылы бойымен қозғалды. Даңғылдағы хан ескерткішіне аялдады.Әбілқайыр хан - Кіші жүз ханы. Ұлы қолбасшы, саясаткер, дипломат. Жастайынан қол бастап, жоңғарларға қарсы соғыста шеберлігімен көзге түсті. Аңырақай, Алакөл шайқасына қатысты, ел бірлігі мен амандығын сақтап қалу мақсатында Ресеймен келіссөздер жүргізді. Бұл тарихты білу - бүгінгі ұрпақтың парызы. Ескерткіш алдына жиналғандар арнайы театрландырылған қойылымды тамашалап, ақтөбелік тарихи тұлғалар туралы мол мағлұмат алды.Шеруге қатысушылар Виктор Пацаев, Әлия Молдағұлова, Сәңкібай батыр, Мәңке би ескерткіштерін де айналып өтпеді. Әрқайсысына жеке-жеке тоқтап, шеруді мәңгілік алау алдында аяқтады. Ұйымдастырушылардың сөзінше, бұл тарихқа бас иіп, тәуелсіздік жылдарындағы жетістікті дәріптеуге бағытталған шара.
Количество показов: 2303
Дата создания: 18.11.2016 18:31:17