Тәртіп сақшылары кәсіпкерді заңсыз тінткен
Құқық қорғау органының қызметкерлері кәсіпкерге тиесілі "Титан" дүкені мен "Көл-Авто" базарындағы сауда нүктелерінде тұрған майларды түгел тәркілеген. Ал, өңірлік кәсіпкерлік палатасы директорының құқық мәселелері бойынша орынбасары Руслан Құйшиновтың мәліметінше, тәркілеуге соттың санкциясы болмаған. Бір қызығы бүгінге дейін кәсіптің заңсыздығын дәлелдейтін сот сараптамасының нәтижесі шықпаған. Ал, Сергей Демчук мотор майын сатумен 2004 жылдан бері айналысады. Бүгінге дейін заң бұзушылықтар болмаған. Бүгінгі Кеңес отырысына Зауыт және Елек полиция бөлімдерінің өкілдері шақырылған. Алайда, олар келмеді. Мәселені шешу үшін комиссия төрағасы жауапты мекемелерге талаптарын айтты.
Количество показов: 1392
Дата создания: 30.03.2018 19:37:40